«Уақып – сарқылмас қазына» атты семинар Абай облысында өтті
Бүгін Абай облысының мешіт имамдары мен жамағаты үшін ерекше рухани әрі танымдық күн болды. Семинар «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында ұйымдастырылып, уақыптың тарихи, діни және қоғамдағы маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Шара барысында қатысушыларға уақып ұғымының исламдағы орны, оның қоғам игілігі үшін атқаратын рөлі, ата-бабаларымыздан қалған уақып дәстүрінің бүгінгі күнге тигізер пайдасы кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, уақып қаражатының дұрыс әрі ашық жұмсалу тетіктері, заманауи талаптарға сай жүргізу механизмдері таныстырылды.
Семинарда сөз алған дін қызметкерлері мен уақып өкілдері халықтың мұқтажы үшін жасалатын әрбір қайырлы істің сауабы үзілмейтінін тілге тиек етіп, имамдар мен жамағатты уақып жұмысын қолдауға және белсенді атсалысуға шақырды.
Жалпы, жиын өте мазмұнды өтті. Қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты. Семинар соңында Абай облысының имамдарына уақып жұмысын күшейту бағытында нақты тапсырмалар жүктелді.
@waqf.kz | @waqf.biznes