Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес зекет, уақып және қайырымдылық салаларындағы қызметтерді жетілдіруге арналған арнайы жиын өтті.
Жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай қатысып, басқарманың алдағы жоспарларымен таныстырды. ҚМДБ болашақта өз шығындарын ішкі мүмкіндіктер есебінен өтеуі қажеттігін атап өтіп, уақыптық жобалар аясында қасапхана мен етті бөліп-тарату цехын салудың маңыздылығына тоқталды.
«Уақып» қорының директоры Азамат Абдікерімұлы өңірлік уақып өкілдіктері бұл жобаларды өз бақылауына алып, тиімді жүзеге асыруы тиіс екенін жеткізді.
Ал «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев өңірлерде зекет насихаты мен қаражат тартудың әлсіз тұстарын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін мәлімдеді.
Сондай-ақ, «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Мейрамбек Рсымов жергілікті жерлерде жерлеу қызметін кеңейту мәселесін көтерді.
Жиын соңында қатысушылар зекет, уақып және қайырымдылық бағыттары бойынша нақты ұсыныстар мен тапсырмалар қабылдап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын бекітті.