Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің бастамасымен құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Ақтөбе облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында қор директоры өңір имамдарымен, мешіт жамағатымен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, «Уақып – үзілмес көпір» тақырыбында тағылымды семинар өткізді.
Семинарда уақыптың шариғаттағы орны, қоғамдағы әлеуметтік маңызы, қор тарапынан жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық және діни-ағартушылық жобалар кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, Бас мүфти хазіретіміздің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қазақ Құран баспасы» жобасының рухани маңызы да түсіндірілді.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге уақып жасаудың сауабы, оның садақа жария ретінде үздіксіз сауап әкелетін игі амал екені жан-жақты насихатталды