ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің бекіткен жылдық жоспары аясында , Діни басқарма жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы «Рика ТВ» телеарнасының журналистеріне сұхбат берді.
Тілшілер ең алдымен қор басшысының Ақтөбе өңіріне келген мақсатына тоқталып, сапар аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы сұрады. Сондай-ақ, уақып тақырыбы төңірегінде атқарылып жатқан іс-шаралар мен алдағы жоспарлар да әңгіме өзегіне айналды.
Өз кезегінде қор басшысы тілшіге Ақтөбе облысында уақып мәдениетін дамыту, қайырымдылық жобаларды жандандыру және жергілікті мешіттермен бірлесе отырып әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру мақсатында арнайы іс-сапармен келгенін жеткізді. Сонымен қатар, өңірдегі бірқатар нысандармен танысып, жамағатпен кездесулер өткізу жоспарланғанын атап өтті.
Сұхбат барысында Азамат Әбдікәрімұлы уақыптың қоғамдағы орнына тоқталып, оның тек бір реттік көмек емес, ұзақ мерзімді игілікке бағытталған жүйелі қайырымдылық түрі екенін түсіндірді. Бұл бағытта еліміз бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен нақты нәтижелер де мысал ретінде келтірілді.
Сондай-ақ, «Қазақ Құран баспасы» жобасы жайында да кеңінен баяндалып, оның басты мақсаты – қасиетті Құран Кәрімді сапалы басып шығару және халыққа қолжетімді ету екені айтылды. Жоба аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы да тың мәліметтер берілді.
Сұхбат соңында көрермендерге қайырымдылық жасаудың маңыздылығы түсіндіріліп, уақып ісіне белсенді қатысуға шақыру жасалды. Қор басшысы қоғамда жанашырлық пен ізгілік құндылықтарын қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтті.